Тайландтың солтүстігінде «Кадзики» дауылы соғып екі адам опат болды.
13 тұрғын жарақат алған. Тағы 5 адам із-түзсіз жоғалған. 200 үй қирап, электр желілері үзілді. Қазір кей өңірде жарық жоқ. Жергілікті билік келесі айдан бастап үйлерді қалпына келтіріп, зардап шеккендерге өтемақы төлеуге уәде берді. Айта кетейік, «Кадзики» бұған дейін Қытай мен Вьетнамға да соққан еді.