Жоғары аудиторлық палата 2025 жылғы І тоқсанда 24 нысанда 4 аудиторлық іс-шара аяқталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Осылайша 5,9 трлн теңге қамтылған. 355 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталған. Оның ішінде:

  • 3,3 млрд теңге қаржылық заңбұзушылықтар,
  • 287,6 млрд теңгеге мемлекет қаражаты мен ресурстарын тиімсіз пайдалану,
  • 64,6 млрд теңгеге жоспарлау кемшіліктері.

"3,3 млрд теңге көлеміндегі қалпына келтірілуге тиіс қаржының 1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Үкіметке 32 ұсыныс жолданып, аудит объектілеріне 159 тапсырма берілді. Олар толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады", — деп жазылған хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, 2025 жылы шамамен 30 аудиторлық іс-шараны аяқтау жоспарланған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget