Елде білім күні 83 жаңа мектеп есігін ашады. Жыл соңына дейін тағы 111 білім ошағы пайдалануға беріледі.

Меже орындалса, 250 мыңнан астам оқушы жаңа оқу ордаларында білім алады. Бұдан бөлек, елде жаңғырту жұмыстары да қарқын алды. Әсері шалғай аймақтарда жаңарту ісі ілгерледі. Қазірдің өзінде 733 ауылдық мектеп жөндеуден өтті. Алдағы төрт айдың төңірегінде тағы 267 білім үйі жаңғыртылады. Бұл жайлы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады. Жалпы елде 8 мыңнан астам мектеп бар. Биыл онда 4 млн-нан астам бала білім алады. Оның 341 мыңы бірінші сынып оқушысы.

194 мектеп қолданысқа беріледі

1 мың ауыл мектебі жөндеуден өтеді

8 мың мектеп — 4,1 млн оқушы

Бірінші сынып — 341 мың оқушы

Мектеп медбикелерінің саны 9,2 пайызға өсті

Бүгінде білім беру ұйымдарының 98 пайызына өткізу турникеттері орнатылды. 97 пайызы кәсіби күзет қызметімен қамтылды. Сондай-ақ 96%-ы дабыл түймелерімен жабдықталды, ал 81%-ы полицияның жедел орталықтарына қосылды. Қауіпсіздікпен қатар, медициналық көмек көрсету ісі де ілгерледі. Мектеп медбикелерінің саны 9,2 пайызға өсті. Ал білім үйлеріндегі медициналық пункттердің жабдықталуы 15,3 пайызға артты.

Турникет — 98%

Кәсіби күзет — 97%

Дабыл түймелері — 96%

Жедел орталық — 81%

Мектеп медбикелері — 9,2%

Медициналық пункттердің жабдықталуы — 15,3%