Елде жаңа кен орындарынан газ өндіру басталды, деп хабарлайды 24kz.
Қазір Рожковское, Шығыс Өріктау және Анабай кеніштері өндірістік қуатына шықты. Бұл жұмыстар Президент тапсырмасына сәйкес газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында жүзеге асып отыр. Сондай-ақ бүгінде Қашаған пен Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауыттарының құрылысы қолға алынды.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
- Қашағандағы қуаттылығы жылына 1 млрд м3 ГӨЗ құрылысы келесі жылы аяқталады. Биыл «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды.