Индонезияда магнитудасы 6 баллдық күшті жер сілкінісі болды.
Жер асты дүмпулері Орталық СулавЕси провинциясында сезіліп, бірнеше нысан опырылып түскен. Соның салдарынан 30 адам зардап шекті. Екі тұрғынның қазір жағдайы ауыр. Жалпы бұл аймақта 50 мыңдай адам тұрып жатыр. Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, цунами қаупі төніп тұрған жоқ.