Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шығарылды. 7 жасар баланы әкесі үйіне алып кетті , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облыстық балалар ауруханасы мәліметінше, бала ұзақ уақыт оңалтудан өтуі керек. Бала ауруханада екі аптаға жуық, соның ішінде бір тәулікке жуық жансақтау бөлімінде жатты.
"2017 жылы туған бала оң динамикамен шығарылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Бір ай ішінде ол қатаң төсек режимін сақтауы керек. Болашақта тұрғылықты жері бойынша оңалту орталығында жыл бойы оңалту қажет", — деді Павлодар облыстық балалар ауруханасы өкілі.
Ауыр жағдайдан кейін бала қайта жүріп үйренуі керек. Терезеден екі ұлын лақтырып, кейін өзі секіріп кеткен әйелдің жағдайы әлі де ауыр.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткені хабарланды. Кейін балалардың бірі көз жұмды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!