Қарқаралыда демалыс орындары көбейеді. «Қарағанды-Бұғаз» бағытында жол жөнделгелі өңірге ат басын бұратындар артқан. Тек былтыр 32 мың турист демалды. Қазір мұнда 40-қа жуық демалыс орны бар. Олар бір мезетте 2 жарым мың адамды ғана қабылдай алады. Сондықтан алдағы уақытта жаңа қонақүй, дәмханалар салынады. Қоғамдық кеңес мүшелері сол аумақта электр желілері , кәріз жүйелерінің бар-жоғын тексерді.
Нұрлыбек Ілдебаев, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы:
Келесі жылы аймақ 18 жер учаскесіне бөлініп, аукцион арқылы беріледі. Инфрақұрылымдық-инженерлік жұмыстар биыл басталды. Кәріз, су және электр жүйелері тартылып жатыр. Жобаның жалпы құны – 4,5 миллиард теңге.
Жанел Өтеулі