"Келешек мектептерінің" директорлары білім беру жүйесіне жасанды интелектіні енгізу тетіктерін меңгереді .

Астанада республикалық тамыз саммиті аясында мектеп басшыларының секциясы басталды. Шараға әр өңірден келген 145 маман қатысып жатыр. Оның ішінде жаңа оқу жылында ашылатын 45 мектептің басшылары бар. 4 күн ішінде педагогтар жасанды интеллектімен қоса, материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану және қосымша білім беру саласын жетілдіру мәселелерін талқылайды.

Ринат Тұрғанбай, мектеп директоры /Жамбыл облысы/:

- Саммиттің тақырыбы да өте өзекті деп білемін. Сол себептен барынша осы саммиттен білімімізді жетілдіреміз деген ойдамын.

Нәзипа Аюбаева, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының президенті:

- "Келешек мектептерінің" директорлары министрлікпен келісе отырып тағайындалып, олар арнайы оқудан өткізіліп жатыр. Сонымен қатар педагогтардың барлығы "Өрлеуден" оқытылып, мектептерге жіберіліп жатыр. "Келешек мектептерінің" стратегиялық мақсаттарын айқындап, 2025-2026 жж. атқарылатын жұмыстарын бірлесе талқылап жатырмыз.