Өнерлі жұп Мирас пен Құралай жуырда Димаш Құдайбергеннің қарындасы, кіндік қыздары Раушанның тойында оған ерекше сыйлық табыс етті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Құралай Раушанға арнайы әшекей бұйым сыйлап, оны шынайы ықыласының белгісі ретінде атады.
«Раушантай, бұл сыйлығымыз – саған деген шын көңіліміздің көрінісі. Әр күнің осы әшекейдей жарқырап, сұлулығың арта берсін», – деді олар.
Жұлдызды жұп жуырда уырда таза күмістен жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынатын Quralay Brand зергерлік брендін ашқанын мәлімдеді. Раушанға берілген әшекей — осы алғашқы топтаманың арнайы дизайнмен жасалған ерекше жиынтығы.
«Күміс — қазақ аналары мен әжелерінің ертеден жамандықтан, көз тиюден қорғайтын, тазалық пен шынайылықтың нышаны ретінде тағатын әшекейі. Сол қасиет әрдайым жолдасың болсын», – деп түйіндеді Мирас пен Құралай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Miras & Kuralay (@miras_kuralay_official)