Семейде «Абай. Уақыт. Өнер» атты республикалық суретшілер көрмесі басталды.
Оған әр өңірден келген талант иелері келді. Жалпы 32 суретшінің 50-ден астам туындысы қойылған. Олардың бәрі Абайдың шығармашылығы мен қазақ әдебиетінің бай мұрасынан сыр шертеді. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Экспозиция ішінен ерекше көзге түскен туындылардың бірі алматылық суретші Айша Жүсіпованың қыш құмыралары. Құмыраларға Абайдың өлең жолдары араб әліпбиінде жазылған.
Айша Жүсіпова, суретші-керамист:
- Қыш құмыраларды жасауға екі ай кетті. Тас бұйымдарын пайдаландым. Екі құмыра бірдей болмағандықтан станок қолданылмайды. Жазуларын түсірген соң олар 1250 градус ыстықта күйдірілді.