Әлеуметтік желілерде 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы ақпаратқа пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ. Тиісінше көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке дерегін алу тәсілі болуы мүмкін. Мұндай сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен таратылады", — деп жазылған хабарламада.

Ведомство азаматтардан тек ресми ақпаратты пайдалануын сұрады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget