Болгарияның бас шаһары Софияда жасөспірімдер арасында ITF Juniors турнирінің J30 санатындағы жарысы мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз Иван Пономарев аса тартысты өткен жұптық разрядта топ жарып, жасөспірімдер арасындағы алғашқы халықаралық титулын жеңіп алды.
Аталған доданың финалдық кездесуінде И.Пономарев швейцариялық теннисші Чарли Базильмен жұп құрып, қарсыластары – украиналық Родион Четвериков пен болгариялық Самуил Пешевті 4:6, 6:3, 10:7 көрсеткішімен ұтты.