30 шілдеде Ұлттық банк 125,6 миллион АҚШ доллары көлемінде валюта интервенциясын жүргізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Теңестіру" операциясы аясында шілдеде 290 млрд теңге алынған. Тамызда осы мақсатта шамамен тағы 290 млрд теңге көлемінде валюта сату жоспарланып отыр.

"Ұлттық банк шілдеде биржа сауда-саттығында шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы — 35 млн АҚШ доллары немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 0,6%-ы. Тамызда БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен валюта сатып алу жоспарланбайды", — деп жазылған хабарламада.

Шілдеде Ұлттық қордан 700 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылған. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуге, сондай-ақ, Талдықорған-Үшарал газ құбырын салу жөніндегі жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берген. Ұлттық қордың сату үлесі жалпы сауда көлемінің 12%-ы немесе күніне шамамен 32 миллион АҚШ доллары болған.

"Тамызда Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейін валюта сатылуы мүмкін", — деп жазылған хабарламада.

Шілденің қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреген. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Жалпы сауда-саттық көлемі — 5,7 млрд АҚШ доллары.

Еске салайық, бұған дейін ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткені хабарланды. Кейін Ұлттық банк долларға қатысты ахуалды түсіндірді.

Кеше премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың мәлімдемесінен кейін доллар бағамы төмендеді

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget