«AMANAT» партиясының бастамасымен Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.
Іс-шараға халық қалаулылары, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен ауыл тұрғындары, бас-аяғы 150-дей адам қатысты. Олар 4 гектар аумақты күл-қоқыстан тазартты. Жаяу жүргіншілер жолы ретке келтіріліп, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Аудандық партия филиалының мәліметінше, жыл басынан бері Іле ауданы бойынша 20 мыңнан астам тұрғын сенбілікке шыққан. Белсенділер саябақтар мен тарихи-мәдени орындарды абаттандырып, 5 мыңнан астам ағаш еккен.
Алмасбек Сәтібаев,"Amanat" партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы:
- Енді бұл акция әр апта сайын өтіп отырады. Өйткені ауданымыз үлкен. Тек қана Ащыбұлақ ауылдық округінде емес, ауданда он округ болатын болса, сол он округтің бәрінде қамтылып отыратын болады. Жер өзіміздікі, ел өзіміздікі, тазалық әрбір отбасынан басталса, бұл біздің болашақ ұрпақтарымызға, бала-шағамызға, үлгі болады деген ойдамын.