Алматыда жүзге жуық ата-ана оқу орталығына шағымданды. Олар білім беру ұйымына 600 мың мен 2 миллион теңге арасында қаржы төлеген . КСМ: Әу баста компания оқушыларды еліміздегі белгілі, ең таңдаулы деген дарынды балаларға арналған мектептерге түсуге дайындаймыз деп сендірген. Алайда ата-аналар сабақ кестесінің бұзылуы, оқу процесінің тұрақсыздығы, оқушының білім сапасының нашарлауына әсер етті деп наразы.

Нұржан Ғанимұрат, оқушының әкесі:

Оқу орталығынан ақшаларымызды қайтара алмай жатырмыз. Себебі, мүлдем сапасы жоқ. Сабақ барғаннан баламның кейін көңілі қалды.

Әлпеш Ахметова, оқушының анасы:

Біз екі-үш сабақ бардық. Балалардың айтуынша, олар тақырыпты түсіндірмейді. Мұғалімдер телефонға қарап отырады деді. Сабақ берудің сапасы ұнамаса ақшаларымызды қайтарып береміз деп бірнеше рет айттық.

Қазір оқу орталығының есігі құлыптаулы. Ата-аналар компания басшылығынан құйған қаржыны қайтарып беруді талап етіп, бірлесіп полицияға шағымданды. Полиция тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Айдана Қуантхан