Ақтауда жүк көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші полициядан қашып, жолда қауіпті жағдай туғызды.

Оқиға кеше сағат түнгі бір жарым шамасында болған. Полиция қызметкерлері Өмірзақ ауылындағы өндірістік аймаққа жақын автожолда «DAV» маркалы көліктің жүрісінен күдіктеніп, тоқтатпақ болған. Алайда, көлік жүргізушісі қашып, қала ішіне кіріп, бой тасалауға тырысқан. Оны жерге шеге төсеп, тоқтатуға тура келді. Жүргізуші 35 жаста, жүк тасымалдаумен айналысатын Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Ол полиция қызметкерлеріне бағынбай, жол ережелерін бұзып, қарсы бағытқа шығып, медициналық куәландырудан бас тартып, жолда апаттық жағдай жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Көлігі арнайы тұраққа қойылып, іс сотқа жолданған.

Сержан Түйешиев, қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы:

Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін елемей, жолаушылар мен өзге жол қозғалысына қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, жол ережесін өрескел бұзып, қозғалысын әрі қарай жалғастырды. «DAV» маркалы автокөлігін тоқтату үшін, алдына арнайы кедергі таран ежик сеткасы қойылды. Ақтау қаласы 14 шағын аудан 10-үйдің қапталынан тоқтатылды.

Аягөз Оралбайқызы