Бангладеште оқу-жаттығу ұшағы ел астанасы Даккадағы колледж пен мектеп аумағына құлап, 19 адам қаза тапты. 50-ден аса адам жараланған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ұшақ көкке көтерілгеннен кейін 12 минуттан соң құлаған. Лайнер өртке оранып, айналаға қою түтін шыққан. Апаттың себептері әзірге белгісіз. Бангладеште қайғылы оқиғаға байланысты аза тұту жарияланды .

Арай Төлегенқызы