Астанада ірі сауда орталығынан шыққан өртті сөндіру кезінде үш қызметкер жарақат алды. Олар ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Айта кетейік, «Big Шанхай» сауда үйі түнде отқа оранды. Ғимараттың сау-тамтығы қалмаған. Бизнес нысанда 200-ден астам саудагер жұмыс істеген. Әкімдік тарапынан арнайы штаб құрылып, оларға кеңес беріліп жатыр. Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі әзірге белгісіз.
Бақытжан Мәуленбердиев, қалалық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
- Өрт сөндіру кезінде әр түрлі деңгейде үш қызметкеріміз жарақат алды. Қазіргі таңда өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрт оқшауланды. Жойылған жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртке 31 техник, 122 жеке құрам жұмылдырылған.