Елдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық байланысты нығайту шаралары күшейтілді. Қазір Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания , Грузия және Ресейдегі серіктестермен 50-ден астам меморандум жасалған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Келісімдердің көбі аспан асты елімен жасалып отыр. Оның аясында Қазақстан-Қытай кәсіби колледжі құрылады. Сондай-ақ балалар мен жастарға инновациялық білім беру үшін технологиялық компаниямен әріптестік байланыс орнатылды.
«Бұл бастамалар Жұмысшы мамандықтары жылы аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық білім беру технологиясын енгізуге және қазақстандық түлектердің жаһандық еңбек нарығына шығуына ықпал етеді», — дейді сала мамандары.