Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Дакенов Ерғазыұлы Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды , деп хабарлайды Egemen.kz.

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Ерлан Ерғазыұлы 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті тәмамдаған.

2000–2008 жылдары – «Ақтоғай Транспорт компаниясы» ЖШС менеджері, заңгері.

2008–2012 жылдары – Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК кадр бөлімінің қоюшы-режиссері, продюсер маманы, баспасөз хатшысы, инспектор — аға маманы.

2012–2016 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК директоры.

2016–2019 жылдары – аталған министрлікке қарасты «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары.

2019–2023 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

2023 жылғы тамыздан бастап соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.