Танымал блогер Елдос Колобек пен оның жары Таңшолпан төңірегіндегі дау таусылар емес.
Жақында ата-ана болатын жұлдызды жұп, елге барлық құпияны жайып салған дәрігерге ашуланған еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Соңғы күндері қоғамда неше түрлі пікірлер айтылып жатыр. Сондықтан өз ойымды айтқым келіп тұр. Елдос, Таңшолпан егер менің видеонан кейін көңілдеріңізге қаяу түсіп, ренжіп қалған болсаңыздар — cіздерден кешірім өтінемін.
Менің айтқан әңгімем нақты бір адам меңзеп, өмірін әшкерелеу емес еді. Бірақ мені дұрыс түсінбеген сияқтысыздар. Менің видеом желіде бар болғаны жарты, бір сағат қана тұрды. Кейіннен мен оны алып тастадым.
Сол алып тастағанға дейін неше түрлі медиа пабликтер менің сөзімді бұрмалап, монтаж жасап, керек жерін қиып алып, менің айтпаған сөзімді айтты деп жазды. Сондықтан сіздер дұрыс түсініңіздер.
Таңшолпан мен Елдостың осы бағдарламадан өтіп жатқанын, бәрін өзі салып отырды. Қашан жүкті болады деп бүкіл ел күтті ғой. Бәріміз күттік, құдайға шүкір осы күнге жеттік.
Мен жалпы айтқым келгені, қазіргі кезде ер адамдарда бедеулік болса, медицина жаңа технологиялардың арқасында көмекке келе алады. Қазір супер заманауи технология, микроскоптың арқасында көзге көрінбейтін аталық ұрықты аталық безден алуға мүмкіндік бар.
Менің айтқым келгені сол еді. Елдос бүкіл тарихын айтып, басқа ер адамдарға үміт берді. Бір-бірімізді дұрыс түсінейік ағайын, Елдос біздің жерлесіміз, біздің бауырымызсыз.
Сондықтан мен сізге ешқандай зиянын тигізгім келген жоқ, сөзбен де. Тағы да кешірім сұраймын, кешірім сұраған ұят емес. Одан ешкімнің беделі түсіп қалмайды», — деді ол.