Қазақстандағы газдың арзандығы ұзаққа созылмайды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов газ саласының қазіргі жағдайына тоқталып, ішкі нарықтағы бағаны біртіндеп көтеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, солтүстік пен шығысты газдандыру — стратегиялық мақсат. Ал бүгінгі баға әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен болғандықтан, бұл салаға инвестиция тарту қиынға соғып отыр.
“Ішкі нарықтағы газдың құны тым төмен. Біз оны біртіндеп өсіріп, газ саласын тартымды әрі дамушы етуге тиіспіз” – деді Премьер-министр.