Гастроэнтеролог Юлия Сластен бас ауруы гастриттің симптомы болуы мүмкін екенін айтты. Ол NEWS.ru-ға берген сұхбатында аурудың белгілерін атады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Юлия Сластеннің айтуынша, бас ауруы пайда болуына себеп гастриттің кейбір жағдайларында парасимпатикалық жүйке жүйесі және кезбе жүйке жүйесі тітіркенеді.
Дәрігер гастриттің белгілері аурудың түріне және ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты адамдарда әртүрлі болуы мүмкін екенін жеткізді.
Ол аурудың ең көп тараған белгілеріне іштің жоғарғы тұсы ауырсынуын немесе ауырлық сезімін, жүрек айнуын, ентігу, кекіру, ауызда ащы немесе қышқыл дәм пайда болуын жатқызды. Сондай-ақ, іш кеуіп, нәжіс бұзылуы және жалпы әлсіздік болуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін гастрит кезінде қандай тамақтар жеуге болмайтыны туралы жаздық.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!