Шымкентте 3 жасар бала жоғарғы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкент қаласының Тұран шағынауданында қайғылы жағдай болды – көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы терезеден 3 жасар бала құлап кеткен.

Ауыр жарақат салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.