Израиль армиясының Газа секторына жасаған кезекті әуе соққылары салдарынан соңғы тәулікте кем дегенде 118 палестиналық қаза тауып, 581 адам жараланған.

Телеарнаның мәліметінше, АҚШ пен Израиль қолдау көрсеткен гуманитарлық көмек орталықтарына да шабуыл жасалған. Бұл нысандарда 12 адам көз жұмып, 49 адам жарақат алған.

Соңғы бірнеше күн ішінде аймақтағы жағдай күрт ушығып отыр. Тек соңғы 48 сағаттың ішінде 300-ден астам адамның қаза тапқаны белгілі болды. Al Jazeera ақпаратына сәйкес, әуе соққыларының басым бөлігі бейбіт тұрғындар шоғырланған баспаналар мен қоныс аударушылар орталықтарын нысанаға алған.

Израиль тарапы бұл әрекеттерді ХАМАС ұйымының әскери инфрақұрылымына қарсы бағытталған шаралар ретінде сипаттайды. Алайда, тәуелсіз дереккөздер мен халықаралық гуманитарлық ұйымдар шабуылдардан бейбіт халықтың жапа шегіп жатқанын айтады.

Abai.kz