Тынық мұхитында орналасқан Тувалу мемлекетінде 12 халық өмір сүреді. Алайда елде ешқандай қазба байлық жоқ. Бірақ қазынаны толтырудың жолын тапқан.

90-жылдары елдерге домен тара­тылғанда «TV» домені Тувалуға берілген. Интернет пайда болғаннан кейін телеарналар мен сайттардың «TV» доменіне сұранысы артқан. Барлығы доменді елден сатып алады. Соның арқасында елге миллиондаған доллар пайда түсіп жатыр.