Израиль Газа секторына шабуылды күшейтті.
Еврей армиясы ХАМАС-пен шайқасу үшін анклавтың оңтүстігіне жауынгерлерді көптеп жөнелтіп жатыр. Израиль ұшақтары анклавтың оңтүстігін атқылап, бір тәуіліктің ішінде ХАМАС қозғалысының 140-қа жуық әскери нысанына соққы жасаған. Газадағы бейбіт тұрғындар арасында қаза болғандар көп. Палестиналықтар гуманитарлық көмек тарату орталықтарын "адам өлтіруге арналған қақпан" дейді.
Зиад Әл-Әмуди, жергілікті тұрғын:
- Израиль азық-түлік тарату үшін арнайы дәліз құрдық деп отыр. Бірақ онысы өтірік. Бұл бейбіт тұрғындарды қыру секілді. Халықаралық қауымдастық Израильге қысым жасағаннан кейін тергеу жүргіземіз деп жылы жауып қоя салғысы келеді. Бірақ еврей әскерилері бейбіт халықты өлтіргені үшін жауап беруі керек.
Израильдің Иранға шабуылынан 950 адам қаза болды
Иран
Израильдің Иранға шабуылынан қаза тапқандар саны 950-ге жетті. Тағы 5 мыңға жуығы жараланды. Ирандағы Қызыл жарты ай ұйымының мәліметі бойынша құрбандар арасында 100-ден аса әйел мен 40-қа жуық бала бар. Сондай-ақ еврей әуе күштерінің 12 күндік әскери операциясынан Ислам Республикасында 2 жарым мыңдай тұрғын үй қираған.