Алматыда үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының екінші кезеңі басталды.

Жарыс еліміздің әр өңірінен келген 4 және 5-лига командалары арасында өтіп жатыр. Турнирге жеті жастан асқан теннисшілер мен тәжірибелі ардагерлер қатысуда. Жиырма төрт команда өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы турдың қорытындысы бойынша Түркістан мен Қостанай теннисшілері көш бастап тұр. Дегенмен, ұйымдастырушылардың айтуынша, қалған екі кезеңде ұпай саны түбегейлі өзгеруі де мүмкін. Жеңіске жеткен үздік командалар жоғары лигаға өту мүмкіндігіне ие болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша соңғы жылдары үстел теннисіне деген қызығушылық артып келеді.

Алина Шайхина, «Астана» командасының өкілі:

- Біз осы лигадан енді төртінші лигаға ауысамыз деген үміттеміз. Дайындық жақсы жүріп жатыр. Енді бірінші ойын басталды, көреміз қалай болатынын. Негізі қобалжып, қорқыныш бар, бірақ жаттықтырушыдан, командадан жақсы демеу болып жатқандықтан қорықпаймын деп ойлаймын негізі.