Танымал футболшы Криштиану Роналду мансабын "Әл-Насрда" жалғастыра береді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Инсайдер Фабрицио Романоның ақпараты бойынша қос тарап келісімшартты ұзартуға келіскен. Тек мерзімін нақтылау қалған. Криштиану қаласа, 2027 жылға дейін ұзартады.
Бұған дейін Роналду жазғы трансфер кезінде негізгі шешімдерді қабылдайтыны хабарланған еді. 40 жастағы шабуылшы "Әл-Насрда" 2023 жылдан бері ойнап келеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!