Халықаралық дзюдо федерациясы әлем чемпионатынан кейінгі жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Әлем біріншілігінің күміс және екі дүркін қола жүлдегері Абиба Абужақынова өз салмағында үздік үштіктің қатарына кірді. 5662 ұпай жинаған ол кестеде италиялық Ассунта Скуттодан кейін екінші тұр. Ал Ғалия Тынбаева 19-орынға түсіп қалды. -63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова 39-сатыға көтерілді. Ерлерден Мағжан Шамшадин 1 саты көтеріліп, 19 орыннан көрінді. Сондай-ақ Шерзод Давлатов 34 орынға жайғасты. 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев рейтингтің 10-сатысына, 71 келіде Есет Қуанов 64 орынға көтерілсе, 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар 14-орынын сақтап қалды. 90 келідегі Мейірлан Максим бірден 36 саты жоғары көтеріліп, 41-орынға шықты. 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан 26-орында қалса, Марат Байкамуров 259 сатыға көтеріліп, 45-орынға бірақ шықты. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 20-орында.
Асылбек Данияр