Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Пікір

“Ақжайық” резерватының аумағындағы өрт толықтай сөндірілді (фото)

"Ақжайық" резерватының аумағындағы өрт толықтай сөндірілді (фото)

“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

“24 маусым сағат 14:00-дегі жағдай бойынша “Ақжайық” МТР өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 1510 гектар аумақты шарпыған”, — делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, 13 маусымнан бері “Қазавиақұтқару” АҚ МИ-8 екі тікұшағы арқылы 396 тонна су төгілген.

“Ақжайық” МТР. Фото: Атырау облысының әкімдігі

Өрт шалған аумақтың ауқымын ұлғайтпау мақсатында тракторлардың көмегімен минералды жолақтар жыртылған. Жалпы тілсіз жауды толықтай сөндіруге 200-ге тарта адам мен 40 техника жұмылдырылған.

“Өрттің қайта тұтанбауы үшін және жағдайды тұрақты бақылау мақсатында ТЖД, полиция және резерват қызметкерлерінің тәулік бойына қойылған. Кезекшілік әлі де жалғасады”, — делінген хабарламада.

“Ақжайық” МТР. Фото: Атырау облысының әкімдігі