Маңғыстау облысы Қарақия ауданында белгісіз нысан табылып, жергілікті тұрғындар арасында үлкен дүрбелең туғызды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 19 маусымда Болашақ шекара бекеті маңындағы теміржол станциясы маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, жерге түскен аппаратты алғашқылардың бірі болып тұрғындар байқап, тиісті органдарға хабар берген.

Қазір құқық қорғау органдары мен жедел қызмет өкілдері мән-жайды анықтап жатыр. Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, табылған нысан ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараты болуы мүмкін.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті белгісіз нысанға қатысты ресми мәлімет берді.

"Ұшатын аппарат халықтан қашық орналасқан жерде анықталды. Ешқандай зиян келген жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", — деді құқық қорғау органдары.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget