Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют қаласының тұрғындары орталық стадионды қалыпқа келтірді.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен аудандық әкімдік бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Бірнеше сағат ішінде 40-тан астам қатысушы бір тоннаға жуық қоқыс пен шабылған шөпті жинап, нысанды ретке келтірді.

Серік Қанжығалин, ерікті:

Трибуналарды сырлау, шөп шабу, ағаштарды кесу және тағы басқа жұмыстар атқарылуда. Әрбір жұма сайын біз осындай таза сенбіліктер өткізудеміз.

Эльмира Кәленова