МАГАТЭ Иранға қарсы қарар қабылдады. Құжатта парсы елі ядролық саладағы міндеттерін орындамай отырғаны жазылған. Иранға қарсы халықаралық қатаң экономикалық санкцияларды қалпына келтіру туралы да айтылған.
Бұл шектеулер ядролық бағдарламағы қатысты 2015 жылғы мәміле негізінде алынып тасталған еді. Сол кезде Иранның ядролық нысандарына бақылау жасалды және бейбіт атомды дамыту бойынша келісім болған. Бірақ 2018-де президент болған Дональд Трамп ол келісімді бұзып, Иранға санкция салды. Бұған қарымта ретінде Тегеран келісімнің кейбір тармақтарын орындаудан бас тартқан.