PR әлемінде оқырманның назарын аудару — қол жеткізуді қажет ететін басты құндылық екенін түсіну маңызды. Аудитория үшін қызық контент ұсынудың жолдарын NUR.KZ сату жөніндегі директордың орынбасары айтып берді.
Шамадан тыс ақпарат ағыны жағдайында мақалада нақты құндылық ұсынылмаса, ол аудиторияға әсер ету тетігін жоғалтады. Ал PR-мақаланы аяғына дейін оқырман назарында болатындай етудің жолы қандай?
NUR.KZ сату жөніндегі директордың орынбасары Азиз Толынбеков аудитория үшін қызық әрі пайдалы материал ұсынуға көмектесетін негізгі қағидаларды бөлісті.
Тақырып — сәтті мақаланың алғашқы қадамы
PR-мақалаларға келер болсақ, мұнда оқырманмен алғашқы байланыс тақырып арқылы орнайды. Бұл — оқырман назарын аударудың жалғыз мүмкіндігі. Тақырып айқын, тартымды әрі нақты болуға тиіс.
Сандар мен нақты шешімдер ұсынған абзал. Мысалы: "PR-дағы мына 7 қателік бизнесіңізді құрдымға жібереді" немесе "PR тиімділігін қалай арттыруға болады?". Мұндай тақырыптар мәселені шешуге бағытталған әрі бірден көзге түседі.
Кіріспе — қызығушылықты сөндірмеу
Тақырып оқырманды тартқанымен, бұл мақаланың толық оқылатынына кепілдік бермейді. Мәтіннің алғашқы жолдарынан-ақ қызығушылықты сөндірмеу маңызды. Кіріспе нақты әрі материалды оқу не үшін маңызды екенін аңдататындай болуы керек.
Заманауи БАҚ-та алғашқы 2–3 абзацта ең басты ақпарат берілуге тиіс — бұл "кері пирамида" әдісі. Оқырман назарын толыққанды аударуға бірнеше секунд қана бар.
"Сол себепті алғашқы абзацтарда үш сұраққа нақты жауап берген дұрыс: не болды, бұл не үшін маңызды және кімге қажет. Ұзақ кіріспелерден аулақ болыңыз, ал егжей-тегжейлер мен мысалдарды кіріспеден кейін беріңіз. Бұл тәсіл тек назарды ұстап қана қоймай, материалды "көз жүгіртіп" оқуға да ыңғайлы етеді", — дейді NUR.KZ журналисі Юлия Абрамова.

Мәтіннің қарапайымдылығы — оны қабылдаудың кілті
Күрделі терминдер мен ресми тіл орамдарынан аулақ болыңыз. Егер мәтін кәсіби жаргон мен қиын құрылымдарға толы болса, оқырман оны оқуды доғарады. Баршаға түсінікті қарапайым тілмен жазған жөн.
Мәтінді қысқа абзацтарға бөліңіз, тақырыпшалар қосыңыз — бұл материалды көз жүгіртіп оқуға және маңызды бөліктерін оңай табуға мүмкіндік береді.
Практикалық пайда — оқырманға қажет нақты нәтиже
PR-мақала пайдалы болуға тиіс. Оқырмандар мәтінді қандай нақты пайда көре аламын деген сұрақ арқылы бағалайды. Сондықтан ол ақпаратқа толы, құнды, қолдануға болатын болуы керек.
Сол үшін нақты жобалар, бастамалар, жаңа өнімдер мен жұмыс тәсілдері туралы жазу маңызды.
Эмоция — тартымды ету құралы
Фактілермен қатар эмоциялар да есте қалады. Оқырманмен эмоционалдық байланыс орнатылса — мақала соңына дейін оқылады.
Нағыз адамдардың хикаяларын, сарапшылардың дәйексөздерін, бейнелі теңеулер мен метафораларды қолданыңыз. Бұл мәтінді есте қаларлық етіп, оқырманды әрекет етуге ынталандырады.

Визуализация — ақпаратты түсінікті ету
Мәтін ғана емес, визуал да маңызды. Инфографика, суреттер, кестелер ақпаратты түсінікті етуге көмектеседі. Олар мақаланы оңай қабылдауға, түрлендіруге әрі негізгі ойды нақты жеткізуге мүмкіндік береді.
Әрекет етуге шақыру (CTA) — нәтиже шығару
Әрбір PR-мақала оқырманды қандай да бір әрекетке шақыруы керек. Мысалы:
"Толығырақ ақпарат алу үшін сайтымызға кіріңіз" немесе "Барлық мәліметті сілтеме арқылы өтіп, көре аласыз".
Егер бұл бизнеске қатысты болса (мысалы, банк), мынадай үлгілер тиімді: "Дәл қазір шот ашып, қаржыңызды басқарыңыз", "Платформаға тіркеліп, қызметтерге қол жеткізіңіз".
Мобильді қосымшалар болса: "Қосымшаны жүктеп, барлық мүмкіндігіне ие болыңыз!"
Мұндай CTA тек назарға ілігіп қана қоймай, оқырманды нақты пайдаланушыға айналдырады.

Нәтиже шығару мүмкіндігін арттырыңыз
Жоғарыда келтірілген қағидаларды ұстанатын болсаңыз, материалыңыз оқылып қана қоймай, нақты нәтиже де бере алады. Себебі тиімді PR — бұл аудиториямен шынайы әрі мазмұнды байланыс.
PR-мақала қажет пе?
Егер сізге PR-мақала қажет болса — NUR.KZ командасы көмектесуге дайын.
Біз брендіңіздің әсерін күшейтіп, мақсатты аудиторияға жету жолдарын ұсынамыз. Дайын материалыңыз болмаса, біз сапалы PR-мақала жазып, фотоға түсіріп, жариялауды толық өз мойнымызға аламыз.
Бізбен байланысқа шығыңыз:
WhatsApp: +7 747 160 3310
Email: [email protected]