Астанаға ресми сапармен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо келді.
Мәртебелі мейманды Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.