Лос-Анджелестегі аласапыранда полиция журналистке оқ атты, деп хабарлайды 24kz.

Австралияның 9News телеарнасының тілшісі Лорен Томаси тікелей эфирде репортаж өткізіп жатқанда оның шоршып түскені кадрге түсіп қалған. Абырой болғанда, атылған резеңке оқ болып шықты. Тілші дін аман. Телеарна басшылығы: «Лорен мен оның операторы аман-есен, оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр», - деп мәлімдеді.