Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Актуалды

Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады

Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады

Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған әскери қызметші Никита Удаловтың туыстары мәлімдеме жасап, оның әзірге болған жағдай туралы айтуға дайын емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылым Никита Удаловтың ағасының Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәлімдемедегі деректерді жариялады. Онда Удаловтың туыстары тексерілмеген ақпаратты таратуды тоқтатуды сұрап, Никитаның неге әзірге көпшілікке шыға алмайтынын түсіндірді.

"Никита өзін-өзі аман алып қалды. Қайғылы оқиға кезінде ол бағдар тауып, жағаға жете алды және аман қалды. Қазір көпшілік оның мұны қалай істегені және нақты не болғаны туралы сұрақтар қоюда. Алайда ол әзірге бұл туралы айтуға дайын емес.

Біз бұған түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бір күнде ұмыту мүмкін емес жағдайды бастан кешті. Қазір ол көпшілік алдына шыққысы келмейді, сұқбат бергісі келмейді және оқиғаның егжей-тегжейін айтуға дайын емес. Біз осыны құрметтеуді өтінеміз", – делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының күрт нашарлауы мен екпінді жел тұруының салдарынан Каспий теңізіне 17 әскери қызметші кетіп, олардың 14-і қаза тапқаны хабарланды.

Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған Никита Удалов пен тағы екі әскери қызметшіні "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.

Сонымен қатар Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшылығында ауыс-түйіс болды. Дәурен Қосанов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы