Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

5 млн теңге талап етіп, масқаралаймын деп қорқытқан: Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

5 млн теңге талап етіп, масқаралаймын деп қорқытқан: Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау күдігімен Сарыағаш ауданының 38 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам Шымкент тұрғынынан 5 млн теңге талап еткен. Ол ақшаны бермеген жағдайда жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтерді тарататынын айтып қорқытқан.

Тінту кезінде күдіктіден телефон мен 5 млн теңге табылды.

Сондай-ақ полиция ер адамның бұған дейін ұрлық жасағаны және есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін әйелінің "көңілін табуға тырысқан" ер адамға шабуыл жасаған қазақстандықтың үш жылға шартты түрде сотталғаны туралы хабарлаған едік.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина