Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 09:37-де Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Қала тұрғындарының телефондарына ескерту хабарламасы келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі:

"Жер сілкінісі болды. Ақпарат өңделіп жатыр", – деп мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) жер сілкінісінің қаншалықты сезілгені туралы мәлімет нақтыланып жатқанын қосты.

"Сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеулеріңізді сұраймыз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер. Жағдай бақылауда", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда бұл – екінші жер сілкінісі. Біріншісі сағат 06:32-де тіркелген.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина