Әлемдегі үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан ең көне мектеп – Англиядағы «The King’s School, Canterbury». Ол 597 жылы ашылған.

Онда талай патша, саясаткер, ақын-жазушы білім алып шыққан. Ғасырлар бойы соғысты да, оба індетін де, түрлі реформаны да бас­тан өткерген бұл мектеп әлі күнге дейін балаларды оқытады. Әлемдегі көптеген білім ордасы жабылып, қайта ашылып жатқанда, бұл мектеп білімнің мәңгілігін дәлелдеген ғажайып ескерткіш іспетті.