Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағар май құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер түрлі деңгейдегі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аймақ басшысының тапсырмасымен Атырау қаласынан күйік орталығының мамандары медициналық көмек көрсетуге қосымша күш ретінде жіберілді.

Облыс әкімі төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке оқиға орнындағы іс-шараларды толықтай үйлестіруді, өртті оқшаулау және салдарын мейлінше азайтуды, сондай-ақ өрт аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетелік, бүгін кешке Атырау облысы Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, жақын орналасқан үйлер өртке оранды. ТЖД 14 адамның зардап шеккені және екі адамның көз жұмғаны туралы хабарлады.