1 мамырда Душанбе қаласында (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы финалдық кезеңге дейін жетті.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан қола медаль үшін белдесті.
Қазақстандық дзюдошы Ачыты Домбууды (Ресей) жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Осылайша, ұлттық құраманың қоржынына ірі халықаралық турнирдегі алғашқы медаль түсті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!