АҚШ билігі елде заңсыз жүрген мигранттарға отандарына оралу үшін берілетін төлем мөлшерін арттырды.
Енді еліне өз еркімен еліне қайтатын шетелдік азаматтарға 1 мыңнан 3 мың долларға дейін қаржылай көмек көрсетіледі. Бастама жыл соңына дейін жалғасады. Билік бұл тәсіл мәжбүрлеп депортациялауға қарағанда қауіпсіз әрі тиімді дейді. Бағдарлама мемлекеттік бюджетке түсетін шығынды да азайтуға сеп. Айта кету керек, өз еркімен еліне оралған мигранттардың болашақта АҚШ-қа қайта заңды жолмен кіру құқығы сақталады.