Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында жылқылардың сорға батып, қырылып жатқаны көрсетілген бейне әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрдан жануарлардың өз бетімен шыға алмай, әлсіреп жатқанын анық көруге болады.

Оқиғаның нақты қашан және қандай жағдайда болғаны жөнінде ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.

Бұл жағдай мал қауіпсіздігі мен жайылымдарды бақылау мәселесінің өңірде дұрыс жолға қойылмағанын аңғартады.

Өңір әкімдігі дер кезінде әрекет етпей, мал шығынына жол бергені үшін сынға қалды.