Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Қосшы

Үндістанда әуе рейстері тоқтап тұр 

Үндістанда әуе рейстері тоқтап тұр 

Үндістанда Индиго әуе компаниясы кейінгі бірнеше күнде шамамен 500 рейсті тоқтатты. Жағдай төрт күн бойы өзгермей тұр.

Нью-Дели, Мумбай, Ахмедабад және Хайдарабад әуежайларында жүздеген жолаушы сапарынан қалып қойды. Компания мұны ұшқыштардың жетіспеуімен түсіндірді. Жаңа ережелерге сәйкес түнгі ауысымдар қысқарып, ұшқыштардың демалыс уақыты ұзартылған. Кесте шамамен 10-шы ақпанға қарай толық қалыпқа келеді.