Түркістанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға медициналық және оңалту көмегін көрсететін жаңа орталық іске қосылды. Әлеуметтік маңызы зор нысанның ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты.

Жаңа орталықта тәулігіне 60 балаға дейін амбулаторлық-емханалық көмек көрсетіледі. Жоба құны — 2,7 млрд теңге. Балалар халықаралық стандарттарға сай ем-дом алып, жоғары білікті дәрігерлер мен мамандардың бақылауында болады. Қазір облыста балаларды оңалтатын төрт орталық және үш «Қамқорлық» орталығы жұмыс істейді. Биыл өңірде 14 мыңнан астам балаға, оңалту көмегі көрсетілген. Жаңа орталықтың ашылуы, медициналық қызмет-терге қолжетімділікті арттырып, кезекті азайтуға мүмкіндік бермек.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Қазіргі таңда елімізде 6,8 млн бала өсіп отыр. Өкінішке қарай, олардың 117 мыңы осындай ерекше оңалту көмегін қажет етеді. Мемлекет бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл орталық балаларға жаңа мүмкіндік, отбасыларға сенімділік дарытатын жылы ордаға айналсын. Ең бастысы — балаларымыз бақытты болса, басқа не керек бізге?