Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді. Онда Экология министрлігі ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс алаңдарын жою, қалдықтарды өңдеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады.
Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1250 экологиялық іс-шара өтіп, 2,8 млн ағаш отырғызылған. Сондай-ақ 1 млн гектардан астам аумақ тазартылды. Жалпы 18 млн-нан астам ағаш егілді. Ғарыштық мониторинг арқылы 3833 заңсыз қоқыс полигоны табылып, олардың 80%-і жойылды. 165 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Сонымен қатар 8 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ашылып, қалдықтарды өңдеу бойынша 22 ірі жоба жүзеге асыру сатысында тұр. Алматы, Астана және Шымкентте қоқыс өртеу зауыттарын салу жөніндегі келісімдерге қол қойылды.