46 жасында "Қайрат" ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер күтпеген жағдайда өмірден өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Қайрат" футбол клубы мәлімдеді.
"Бұл — бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан аса уақыт "Қайрат" жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді терең күйзелтті. Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. Жас ойыншылардың мүмкіндігін ашып, ең маңызды сәттерде қолдау көрсетуді білетін нағыз тәлімгер болатын. Оның академияның, негізгі команданың, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дамуына қосқан үлесі зор", — деп жазылған хабарламада.
Кирилл Кекер әр жылдары клуб құрылымында маңызды лауазым атқарған. 2022-2024 жылдары сары-қаралардың негізгі командасын басқарды. 2025 жылы академияға жетекшілік етіп, Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!