ТЖМ мен Lamor Corporation Plc Каспийдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Кездесуге өтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов бастаған өкілдер, сондай-ақ, Финляндия Парламентінің депутаты Вилла Скиннаримен, Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Янна Хейсканенмен, «Lamor Corporation Plc» жетекші халықаралық компаниясының өкілдері қатысты.

Каспий теңізінің қазақстандық секторының экологиялық және технологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

Біз бұл жасақтың әлеуетін ашып, оны жоғары деңгейге көтеруді жоспарлап отырмыз. Оны заманауи материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз ету және озық халықаралық тәжірибелерді енгізу басым міндет болып табылады. Біз Lamor Corporation сияқты жоғары технологиялық және кәсіби әлеуеті бар компаниялармен ынтымақтастыққа ашықпыз, — деп министр атап өтті.